«Regine Hildebrandt» сыйлығы Кельндегі бір түрік қоғамына табыс етілді

Германияда 2002 жылынан бері берілген сыйлық «Brühl батырлары оқу және спорт қоғамына» табыс етілді.

855895
«Regine Hildebrandt» сыйлығы Кельндегі бір түрік қоғамына табыс етілді

Германияда 2002 жылынан берілген «Regine Hildebrandt» атындағы сыйлықты биыл Кельн маңында жұмыстарын атқарған «Brühl батырлары оқу және спорт қоғамына» табыс етілді.

Социал демократия партиясы (SPD) орталығында ұйымдастырылған жүлде рәсімінде SPD төраға орынбасары Мануэла Швесинг Brühl Батырлары оқу және спорт қоғамының құрушысы Фатих Түрікке 20 мың евролық сыйлықты табыс етті.

Рәсімде сөйлеген Швесинг "Brühl Батырлары" қоғамының әлеуметтік әділет және бейбітшілікке қосқан үлесі себепті бұл сыйлықты алғанын атап көрсетті.

Қоғамның құрушысы Фатих Түрік сыйлықты алғанына қуанышты екенін тілге тиек етіп, әртүрлі елдерд спортшыларымен 8 салада спорт және оқу мүмкіншілігі ұсынғандарын атап айтты.

Түрік аталмыш қоғамның 11 жыл бұрын құрылғанын, Германияда қай ұлттан болмасын баршаның басын қосып, спорт жасағанын және осылайша қоғамға әртүрлі салаларда үлес қосатын бір мақсаты бар екеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар