Аты аңызға айналған түрік спортшы дүниеден озды

Зілтемір көтеруден олимпиада, әлем және Еуропа чемпионы Наим Сүлейманоғлу дүниеден озды.

850309
Аты аңызға айналған түрік спортшы дүниеден озды

Президент Режеп Тайып Ердоған зілтемір көтеруден олимпиада, әлем және Еуропа чемпионы бұрынғы ұлттық спортшы Наим Сүлейманоғлуның дүниеге көз жұмуымен байланысты көңіл айтты.

Сүлейманоғлуның дүниеден өткеніне қайғырғанын атап көрсеткен Ердоған «Жас кезінен бастап қол жеткізген табыстарымен спорт тарихына қол таңбасын қалдырған зілтемір көтеруден елімізді шыңға көтеріп, чемпиондықтар сыйлаған  Наим Сүлейманоғлу әрқашан сүйіспеншілік және құрметпен еске алынады. Марқұм Наим Сүлейманоғлуна Алланың рақымшылығын тілеп, жанұясына, достарына және спорт әлеміне көңіл айтамын» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым болса жариялаған көңіл айтуында түрік спортының аты аңызға айналған жеңімпазы Сүлейманоғлуның дүниеге көз жұмуына қайғырғанын атап «Сүлейманоғлу зілтемір көтеруден Түркияның атын әлемге паш етті. Ұлттық спортшымыз Наим Сүлейманоғлуна Алланың рақымшылығын тілеп, жанұясы мен ұлтымызға көңіл айтамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар