Туризм саласына банктер берген жалпы несие көлемі артты

Банктердің туризм саласына берген жалпы несие мөлшері соңғы 5 жылда 282 пайыз өсіп, 61,4 миллиард лираға ұласты.

841626
Туризм саласына банктер берген жалпы несие көлемі артты

Банктерді реттеу және бақылау мекемесі (BDDK) мағлұматтарына қарағанда 2016 жылы қыркүйек айының соңында 49 миллиард 771 миллион лира болған түрік банк саласының туризм алаңында қолдандырған несие мөлшері 2017 жылы 30 қыркүйек күні 61 миллиард 353 миллион лираға өсті.

Туризм саласында қолдандырған несиелердегі өсу процесі жылдық тұрғыдан 23,3 пайыз болып тіркелді. Соңғы 5 жылдық кезеңде болса туризм несиелеріндегі өсу 282 пайызға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар