Таэквондода екі алтын

Түркия таэквондошылары таэквондо чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын медаль алды.

840142
Таэквондода екі алтын

Түркия таэквондошылары Жастар арасындағы Еуропа таэквондо чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын медаль алды.

Таэквондо федерациясының хабарламасына қарағанда,  Кипр аралында өтіп жатқан чемпионатқа 37 елден 502 спортшы қатысуда.

Чемпионаттың бірінші күнінде бес салмақта жарыс өткізілді.

Еуропа чемпионатында ерлер 59 келіде Мертжан Долмажы және қыздар 42 келіде Емине Гөгебакан алтын медаль алып,  Еуропа чемпионы атанды.

Түркия Таэквондо федерациясы төрағасы Метин Шахин Еуропа чемпионатын екі алтынмен бастаған ұлттық құраманы құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар