Ұлыбританияда тарихи Құран кітапты сатуды тоқтатты

Сирек кездесетін осы туындының сатылуына ТР Мәдениет және туризм министрлігі кедергі болды.

834864
Ұлыбританияда тарихи Құран кітапты сатуды тоқтатты

Османлы каллиграфия мектебінің көш басшысы Шейх Хамдуллахтың баласы Мұстафа Деде тарапынан 16-ғасырда жахылған Құран кітаптың Ұлыбританияда аукционда сатылуы тоқтатылды.

Бас қала Лондондағы аукцион лауазым иелері ертең болатын «Ислам өнері» атты аукционда сатылуы күтілген Құран Кәрімнің тізімнен шығарылғанын білдірді.  Аукцион залының басшылары аталмыш туындының тізімнен шығарылуына байланысты егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

Сирек кездесетін осы туындының сатылуына ТР Мәдениет және туризм министрлігі кедергі болды.

Мәдениет және туризм министрлігі Түркия жерінен заңсыз жолдармен алып қашырылған туындыға байланысты іс бастатқан еді.



Ұқсас жаңалықтар