«Айла» атты фильмнің алдын ала көрсетілімі болып өтті

Режиссерлігін Джан Улкай жасаған «Айла» атты фильм 27 қазан күні көрерменнің назарына ұсынылмақ.

828694
«Айла» атты фильмнің алдын ала көрсетілімі болып өтті

Түркия мен Оңтүстік Корея арасындағы достықты тақырып қылған «Айла» атты фильмнің алдын ала көрсетілімі болып өтті.

Түркия мен Оңтүстік Корея достығының 60 жылдығына орай Бейоғлу муниципалитетінің Эмек сахнасында ұйымдастырылған іс-шарада 1950 жылы басталған Корея соғысына қатысқан түрік бригадасындағы унтер офицер Сүлейман Дилбирлигинің кореялық бір қыз баланы соғыс аяқталғанша өз баласы сияқты асырауы тақырып етілген «Айла» атты фильмнің алғашқы көрсетілімі баршаны тәнті етті.

Іс-шараға қатысқан Бейоғлу муниципалитет басшысы Ахмед Мисбах Демирджан Түркия мен Оңтүстік Корея достығына назар аударып, «Бұл достықты түрік тіліндегі мына тұрақты тіркеспен түсіндіруге болады: ‘Жаман күн досы болу’. Біз Оңтүстік Кореямен жаман күні досымыз. Бұл достық аясында үлкен бір дастанды сақтадық. Біз бір-біріміздің батылдығына куә болдық. Бір болып дұшпанмен соғыстық. Мәңгі бәкі сақталатын бір бауырластық орнаттық» деді.

1950-1953 жылдары арасында Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы соғысты тоқтату мақсатты майданға жіберілген Біріккен Ұлттар Ұйымы жасақтары құрамындағы түрік әскері жасаған пидақорлыққа назар аударған Демирджан «Осыдан жылдар бұрын бұл мемлекеттің жастары мыңдаған шақырым жол барып қиын жағдайдағы Корея халқына жаман күнінде достықтарын жомарттықпен ұсынды» деді.

Салтанатты кеште сондай-ақ Оңтүстік Корея Сэонбукм муниципалитеті басшысы Ким Йонг Бае де сөз сөйледі.

Режиссерлігін Джан Улкай жасаған драма және биография түріндегі «Айла» атты фильм 27 қазан күні көрерменге ұсынылмақ.

Кореяда соғысқан Сүлейман Дилбирлигинің өмірінен алынған хикая негізге алынып түсірілген фильмнің сценарийін Йигит Гүралп жазды.

Фильмнің танымал ойыншылары арасында Хаджыоғлу мен Сеолға қоса Четин Текиндор, Ли Кйунг-йин, Али Алтай, Танер Бирсел, Мехмет Эсен және Мұрат Йылдырым орын алады.



Ұқсас жаңалықтар