Пәкістан-Tүркия медициналық жәрмеңкесі басталды

Пәкістан-Түркия медициналық жәрмеңкесі Пәкістанның Лахор қаласында ашылды.

816197
Пәкістан-Tүркия медициналық жәрмеңкесі басталды

Пәкістан-Түркия медициналық жәрмеңкесі Пәкістанның Лахор қаласында ашылды.

Пәкістан-Түркия медициналық форумы мен Пенджаб провинциясы бірге ұйымдастырған жәрмеңкенің беташарын Пенджаб провинциясы губернаторы Шахбаз Шериф жасады.

Беташарда сөз сөйлеген Пенджаб провинциясы губернаторы Шахбаз Шериф Түркия денсаулық министрлігіне жәрмеңкенің жүзеге асырылуындағы ынтымақтастығына орай алғыс айтты.

Шериф екі ел арасында білім беру және энергия сынды секторларда да ынтымақтастықтың артқанын түсіндірді.

Пенджаб провинциясы денсаулық басқармасы төрағасының орынбасары Ядуллах Али «Бұл елімізде өткізілген ең үлкен медициналық жәрмеңке. Мақсатымыз екі ел арасында медицина саласындағы ынтымақтастықты арттыру және Пәкістанның Түркияның тәжірибесінен пайдалану болып табылады» деді.

Түркиядан 39 фирма қатысқан жәрмеңкеге жиыны  70 фирма қатысты.

Пәкістан-Түркия медициналық жәрмеңкесі 30 қыркүйек күні аяқталады. 



Ұқсас жаңалықтар