Түркия атлетизмде күміс медаль алды

Түркия атлетизм тарихының тұңғыш әлем чемпионы Рамиль Гулиев Берлинде 100 метр жарысында екінші болды.

797912
Түркия атлетизмде күміс медаль алды

Түркия атлетизм тарихының тұңғыш әлем чемпионы Рамиль Гулиев Берлиндегі ISTAF ойындарында еркектер 100 метрде екінші болды.

Лондондағы Бүкіләлемдік атлетизм чемпионаты еркектер 200 метрде әлем чемпионы аталған Рамиль Гулиев Германияның бас қаласы Берлиндегі олимпиада стадионында өткізілген ISTAF ойындарында 100 метр жарыстарына қатысты.

Ұлттық спортшы 10.09 секундтық дәрежемен жүгіруді екінші орында аяқтады.

Жарыста Ямайкалық Джулиан Форте 9.91 секундтық дәрежесімен бірінші орынды алса, Ұлыбританиялық Адам Гемили үшінші орынды иеледі.



Ұқсас жаңалықтар