Барша әлем Памуккалеге қызығуда

Памуккале дүниенің төрт бұрышынан келген туристтерді күтіп алуда.

787545
Барша әлем Памуккалеге қызығуда

Памуккале дүниенің төрт бұрышынан келген туристтерді күтіп алуда.

Түркияның туризм орталығы Памуккале әлемдегі ең құпия жерлердің бірі болып табылады. Памуккале ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде орын алуда.

Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан Памуккале дертінен айыққысы келетін миллиондаған адамдардың құтқарушысына айналып үлгерді. Тарих беттерінде тіпті сұлтандардың өзі осы Памуккаленің шипалы суымен емделгендігі айтылады. Су гипертония, ревматизм, рахит, сал ауруларына, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, асқазан, ішек, тері және көз ауруларына жақсы көмектеседі. Ем іздеп келген кез келген адам шағын ғана сарқырамалардың астында тұрады екен.

Бұл жердің суының дәмі ащы болып келеді. "Клеопатраның ваннасы" деп аталып кеткен шипалы мекен асқазан, ревматизм, бронхит ауруларын емдеуде көп жетістікке жеткен. Ел аузындағы аңызға сенсек, осыдан бірнеше жыл бұрын бассейнге түскен адамдар 10 жасқа жасарып кеткен көрінеді.

Памуккале дүниенің төрт бұрышынан келген туристтерді күтіп алуда. Әсіресе Еуропа елдері және Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея сынды  Қиыршығыс елдерінен келген туристтер бұл жерге қатты қызығушылық көрсетуде. 



Ұқсас жаңалықтар