Филиппинде мешіт ашты

Түркия Дін істері фондының Таклобан мешіті мен Ислам орталығы қызметке берілді.

744805
Филиппинде мешіт ашты

Филиппинде Түркия Дін істері фондының Таклобан мешіті мен Ислам орталығы қызметке берілді.

Таклобан қаласында ашылған мешіттің беташарына Түркия Дін істер фонды және Дін істері басқармасы өкілдерімен қоса қаладағы мұсылман қауым қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Самбо Яокасин 2013 жылы болған тайфуньнан кейін осында келіп,  көмек берген алғашқы елдердің бірі Түркияның Таклобанда мұсылман қауымға тамаша сыйлық тартқанын атап көрсетіп,  екі ел халықтары арасындағы көңіл көпірінің осы мешіт арқылы нығая түскенін айтты.

Ел көлемінде мешіт құрылысы және күтім жұмыстарына шамамен 1 миллион доллар жұмсаған Түркия Дін істер фонды ашқан Таклобан мешіті мен орталықтың сыйымдылығы 350 адам.



Ұқсас жаңалықтар