Түрік қыздың Америкадағы көрмесі

Синем Оғуздың фотосуреттері үлкен қызығушылық оятты.

698602
Түрік қыздың Америкадағы көрмесі

Америка Құрама Штаттарында тұратын Синем Оғуздың (17) Түркиядағы сириялық босқындарды арқау қылған фотосуреттері үлкен қызығушылық оятты.

Оғуздың суреттері енді Нью-Йоркта «TurkoAmerica” журналы ұйымдастырған «40 жастан кіші ықпалды 40 түрік» сыйлығының марапат кешінде көрмеге қойылды.

Синем Оғуз осы суреттерді Шанлыурфада босқын лагерінде түсірген. Суреттер бұдан бұрын Американың Конгресінде де көрмеге қойылды.

«Шекарада: Сириялық әйелдер мен балалар» атты көрмеге Конгресс мүшелері де үлкен қызығушылық танытты. Жас қыздың көрмесі Вашингтонда да екі организацияда келушілерге көрсетілді.

Ол Түркияның босқындарға көмегін бүкіл әлемге жариялауды мақсат еткен.



Ұқсас жаңалықтар