Фотограф Ара Гүлерді марапаттады

Стамбулда болған рәсімде Ара Гүлерге «Мыгырдич Бешикташлиан арнайы ордені» табыс етілді.

695295
Фотограф Ара Гүлерді марапаттады

Фотограф Ара Гүлерді Түркия Армян католик патриархы марапаттады.  

Стамбулда болған рәсімде Ара Гүлерге «Мыгырдич Бешикташлиан арнайы ордені» табыс етілді.

Тарихшы профессор Илбер Ортайлы рәсімде сөз сөйлеп, өнерімен аты мәңгілікке жазылған көптеген адам бар екенін, Ара Гүлердің де фотосуреттерімен Түркия тарихының жоғалып кетуге бет бұрған бір бөлімін сақтап қалғанын айтты.

Фотограф және деректі фильм түсіруші Джошкун Арал болса Ара Гүлердің әлемнің әрі көзі, әрі тарихы, әрі тарихшысы бола білгенін айтты. «Ара Гүлердің әрбір суреті адам тарихы үшін із қалдыратын құндылықта» деді ол.

Джошкун Арал түсірген деректі фильм де көрсетілген рәсімде орденді фотографқа Бас Епископ тақты.



Ұқсас жаңалықтар