Түрік авиакомпаниясынан әйелдерге тосын сый

Түрік Әуе жолдары 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай әйел жолаушыларға тосын сый жасады.

687172
Түрік авиакомпаниясынан әйелдерге тосын сый

Түрік Әуе жолдары THY 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай әйел жолаушыларға тосын сый жасады.

TH 8 наурыз күні сағат 00-ден бастап Стамбулдан көтерілген 50-ден көп рейсте әйел жолаушылар үшін арнайы дайындалған гүлдермен қызмет көрсетті.

Күн бойы әйелдерге осылай қызмет көрсететін авиакомпания Стамбулдан көтерілген барлық рейстердегі қонақтарына «Халықаралық Әйелдер күнінде сіз бақытты болыңыз» деп жазылған шоколад сыйлайды. Ұшақта да экипаж арнайы анонстармен құттықтайды.

Түрік авиакомпаниясы сонымен бірге әлемнің ең ірі туризм жәрмеңкесі ITB Берлинде де зәйтүн ағашы орнатып,  әйел қонақтардан  арнайы құттықтауларына ең жақсы көретін әйелдің аты-жөнін,  оны неге жақсы көретінін, онымен бірге қайда ұшқысы келетінін жазып, жеребе тартады. Бағы жанған 20 әйелге бару-келу билетін сыйлайды.



Ұқсас жаңалықтар