Израильден Түркияға көп турист келеді

Биыл Израильден келген турист санының 400 мыңға жетуі күтілуде.

676984
Израильден Түркияға көп турист келеді

Түркия қонақүйлер одағынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Түркия мен Израиль қарым-қатынастарының қалыпқа түсуінен кейін Тель-Авивте өткізілген Халықаралық Жерорта теңіз жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  

Жәрмеңкеден кейін Түркия қонақүйлер одағы тарапынан дайындалған рапортта екі ел арасында өткізілген кездесулер және қалыпқа түскен қарым-қатынастардың Израиль туризм нарығы үшін бір сілкініс болатыны білдірілуде.

Рапортқа қарағанда израильдік туристтер демалыс үшін Анталия, Алания, Мармарис және Бодрумға келуде.

Мәдениет туризм мақсатымен Түркияға келген израильдік туристтер де ең көп Стамбул, Шығыс Қаратеңіз және Кападокия аймағын таңдауда.

Израиль-Түркия арасында паром сапарлары Хайфа-Анталия, Мерсин-Алания ретінде қайтадан басталуда.

 



Ұқсас жаңалықтар