2016 жылы 1 миллион 680 мың ирандық Түркияға келді

2016 жылы Түркияға келген шетелдік турист саны жағынан Иран бірінші орында.

665878
2016 жылы 1 миллион 680 мың ирандық Түркияға келді

Түркияның Иран елшілігі мәдениет және таныстыру кеңесшісі Нури Шимшеклер ирандықтарға «Көршілеріңізбен бірге Түркияға келіңіздер» деген үндеу тастады.

Шимшеклер астана Тегерандағы Иран теледидар конференция залында Түркия қонақүйлер одағы тарапынан ұйымдастырылған «Тегеран екінші халықаралық Түркия туризм конференциясында» сөз сөйледі.

Шишеклер сөзінде «Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия туризм секторы үшін ««Көршілеріңді алып келіңіз» атты кампания бастатқан болатын. Ирандықтарды көршілерімен бірге Түркияға келулерін шақырамыз» деген сөздер қолданды.

Түріктер мен ирандықтардың өткен тарихта бірге өмір сүргендеріне назар аударған Шимшеклер «Біз бір атаның баласы сияқтымыз» деді.

15 шілде күнгі төңкеріс әрекеті салдарынан 2016 жылы туризм секторында болған қиыншылықтарға қарамастан Ираннан Түркияға 1 миллион 680 мың турист келгенін айтқан Шимшеклер бұл қимылдың екі ел арасындағы достықтың бейнесі екенін түсіндірді.

Түркия қонақүйлер одағы сыртқы байланыстыр басшысы Фербал Яман да Түркияға келген турист санында ирандықтардың бірінші орынды иелегенін білдіріп, биыл ирандық турист санының 2 миллионнан асу мүмкіндігін  баяндады.

 


Этикеттер: #Иран , #туризм , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар