Түрік командасы ЦСКА Мәскеумен ойнайды

Осы қиын матч Стамбулда ертең Түркия уақытымен сағат 20.45-те басталады.

663085
Түрік командасы ЦСКА Мәскеумен ойнайды

Фенербахче командасы Түрік Әуе жолдары (THY) Еуропа лигасының 21-ші аптасында соңғы чемпион ЦСКА Мәскеуді қонақ қылады.

Осы қиын матч Стамбулда ертең Түркия уақытымен сағат 20.45-те басталады.

Өткен маусымда Берлиндегі төрттік финалда жеңіліп қалған түрік командасы қарсыласын осы маусымда қарсы көгалда 95-79 есебімен жеңді.  ЦСКА Мәскеудің 17 айлық жеңілмеушілігін доғарған түрік командасы қарсыласы алдында тағы жеңіске жетуді мақсат етеді.

Фенербахче қазір 13 жеңіс, 7 жеңіліспен төртінші кезекте. ЦСКА Мәскеу командасы болса алғашқы 13 аптада тек бір рет жеңілді.  Соңғы 7 матчта болса 4 рет жеңілді. THY Еуропа лигасындағы маңызды матчтардың бірі болып табылатын осы матчтың билеттері бірнеше күн бұрын таусылды.



Ұқсас жаңалықтар