TRT Үй кинотеатры жобасы жалғасуда

"Табула Роза" бүгін көрсетіледі.

644929
TRT Үй кинотеатры жобасы жалғасуда

Зақым алғаннан кейін жадынан айрылып қалған армян адвокат Розаның хикаясын арқау қылған «Табула Роза» атты фильм көрсетіледі.

TRT Үй кинотеатры аясында көрерменмен қауышатын фильм TRT Тв фильмдері жобасы аясында түсірілген 33 көркем фильмнің бірі.

Фильмнің режиссері – Хатиже Мемиш, продюссері – Ферхат Ешсиз.

Кенеттен жадынан айрылып қалған Роза өткен өмірінде барлық лас нәрседен аулақ, таза өмір бастаған Синанға ғашық болады. көп өтпей-ақ отбасы Розаны табады. Роза барлық нәрсені есіне түсіре алмаса да,  төңірегі мен отбасының көмегімен кім екенін түйсіне бастайды.  Синан мен Роза өзге дін мен көзқарастағы екі отбасынан келген адамдар.  Араларында қатынас,  тіпті үйлену мүмкін емес»

«Табула Роза» бүгін кеште Түркия уақытымен сағат 20-да TRT1 экранында жарияланады.



Ұқсас жаңалықтар