Үкімет бағалы коллекцияны сатып алды

Польша үкіметі атақты суретшілердің туындыларын сатып алды.

641065
Үкімет бағалы коллекцияны сатып алды

Польша үкіметі атақты суретшілердің туындыларын сатып алды.

Леонардо да Винчи, Рембрандт және Ренуар сынды атақты суретшілердің 86 мың картинасынан тұратын «Czartoryski» коллекциясы үшін 105 миллион доллар төленді.

Краков қаласында жеке меншік «Czartoryski» мұражайында көрмеге қойылған коллекциядағы 250 мың қолжазба және құжаттың иесі Польша мемлекеті болды.

Бірнеше айдан бергі келіссөз аяғында Польша Мәдениет министрі Петр Глински мен коллекцияның иесі, Адам Кэрол Чарториски арасында келісімге қол қойылды. Негізінде коллекцияның құны 2,4 миллиард доллар екен.

Туындылар өз құнынан арзан бағаға сатылғандықтан «Czartoryski» фонды Атқару комитеті отставкаға кетті.



Ұқсас жаңалықтар