Түркия салған мешіттер

Түркия дін істері қоры шетелдердегі мешіттерінде мұсылмандарға бас қостырады.

627059
Түркия салған мешіттер

Түркия дін істері қоры (TDV) шетелдердегі мешіттерінде мұсылмандарға бас қостырады.

24 жылдан бері 25 елде 100-ден астам мешіт мен білім беру ошағын салғызған қор тек биылдың өзінде 17 мешіт салып бітірді.

Қор биыл мешіттерге 164 миллион түрік лирасы мөлшерінде бюджет бөлді. 1990 жылдан бері 51 елде 209 мешітке қаржылай көмек берді. Айырықша 60 мешітке де материалдық көмек берді.

Ресейдің бас қаласы Мәскеуде Ресей Мұсылмандары Дін басқармасы тарапынан салынған Мәскеу Орталық мешітінің іш декорациясы мен әшекейлерін классикалық Османлы өнеріне сай түрде TDV жасап берді. Әрлеу жұмысында Түркиядан барған 100 шақты шебер жұмыс істеді.  Енді осы мешітте бір мезетте 10 мың адам намаз оқи алады.

Белоруссияның бас қаласы Минскте тұратын 100 мың мұсылман пайдаланатын Минск мешітінің жамағат әлеуеті де 2500 адамдан тұрады.

Түркия Дін істері қоры шетелде мешіт құрылысымен қоса мәдениет орталығы, жамағат орталығы,  мұражай,  дәстүрлі түрік үйлері,  түрік мейрамханалары сынды Түркияны және түрік мәдениетін таныстыратын ғимараттар салады.

Америка Құрама Штаттарындағы қос мұнаралы жалғыз мешітті де Дін Істері басқармасының қолдауымен салды.

Сомалидегі қақтығыстан қираған Сомали Орталық мешітін де толығымен жөндеді.

Газа секторында да Израильдің шабуылдарында қираған 9 мешіт қайтадан салынды.



Ұқсас жаңалықтар