Атақты түрік актриса дүниеден озды

Актриса 85 жасына қараған шағында Стамбулдағы үйінде көз жұмды.

602851
Атақты түрік актриса  дүниеден озды

Атақты түрік актриса Гөнүл Үлкү Өзджан кеше дүниеден озды.

Актриса 85 жасына қараған шағында Стамбулдағы үйінде көз жұмды.

Театр, кино және теле сериал ойыншысы Өзджан 1931 жылы Стамбулда өмірге келді. Бала кезінде отбасының қолдауымен Стамбулда Бабалар театрына қабылданды.  1962 жылы театр, кино және теле сериал актері Газанфер Өзджанмен тұрмыс құрғанға дейін Қала театрында ойнаған актриса артынан жұбайымен бірге Гөнүл Үлкү-Газанфер Өзджан театрын құрды.

Өзджан 2002 жылы науқастанғанға дейін өз театрында жұмыс істеді. 2003 жылы қайтадан сахнаға оралған актриса бірнеше кинофильмде де ойнады. 2014 жылы Мәдениет және туризм министрлігінің Мәдениет және өнер сыйлығына лайықты деп табылды.



Ұқсас жаңалықтар