Линдсей Лохан Түркияда босқындар өмір сүрген контейнер кентті аралады

АҚШ-тың әйгілі киноактрисасы, әнші Линдсей Лохан сириялық босқындар өмір сүрген контейнер кентті аралады.

585826
Линдсей Лохан Түркияда босқындар өмір сүрген контейнер кентті аралады

АҚШ-тың әйгілі киноактрисасы, әнші Линдсей Лохан Газиантептің Низип ауданындағы сириялық босқындар өмір сүрген контейнер кентті аралады.

Әкімшілік ғимаратында лауазымдылармен контейнер кентте босқындар үшін атқарылған жұмыстар жайлы мағлұмат алған Лохан контейнер кент ішіндегі әлеуметтік жайттар мен бастауыш мектепті аралап, балалармен ағылшын тілінде әндер шырқады.

Балаларға сыйлықтар таратқан Лохан босқындар салған суреттер мен қол өнері курстарын да аралады.

АҚШ-тық жұлдыз әсіресе балаларға көңіл аударды.

Линдсей Лохан кейін сириялық жанұялармен бас қосып әңгімелесті.

Сириялық босқындардың соғыста бастан кешкен оқиғаларын тыңдаған Лохан кейін баспасөз жиналысы ұйымдастырып, халықаралық қоғамның сириялық босқындарға қарсы одан жылы қарау керектігін меңзеді.

Лохан «Осында әкесінен айырылған балалар, жұбайы өлтірілген әйелдермен кездестім. Қайғырудан басқа жасай алатын нәрселер бар екенін ұмытпауымыз керек. Түркия осында өз жауапкершілігін лайықты түрде орындап жатқанда, Еуродақ елдерінің, АҚШ-тың босқындар мәселесінде одан көп жауапкершілік алуы керек. Осы тұрғыдан Түркия сияқты елдерге одан көп көмектесуге тиістіміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар