Канадада маңызды бір іс-шара

Канаданың Онтарио провинциясы парламенті қазан айын «Ислам тарих айы» деп жариялады.

585311
Канадада маңызды бір іс-шара

Канаданың Онтарио провинциясы парламенті қазан айын «Ислам тарих айы» деп жариялады.

Онтарио парламентінің Жаңа демократиялық партиясы депутаты Тереса Армстронг, Консерваторлар партиясы депутаты Равмонд Чо және Либерал партиясы депутаты Шефик Кадри тарапынан бірге дайындаған жоба бір ауыздан қабылданды.

Барлық канадалықтарды «Ислам тарих айы» іс-шараларына шақырған Канада мәдениет министрі осы айдың Ислам қауымының Канадаға қосқан бай мұралардың танылуы мен түсінуіне мүмкіндік болатынын айтты.

Канада Мұсылмандары Ұлттық Кеңесі төрағасы Ихсан Гарде де Исламға және мұсылмандарға қарсы оқиғалар болған кезеңде осындай бір шешімнің түрлі қауымдардың бір-бірімен үйлесімді өмір сүруіне үлес қосатынын түсіндірді.

 



Ұқсас жаңалықтар