Әлемге танымал әдебиетшілердің бас қосуы

9-шы Халықаралық Стамбул поэзия және әдебиет фестивалі 28 қыркүйекте басталады.

574500
Әлемге танымал әдебиетшілердің бас қосуы

Әлемге танымал әдебиетшілер Стамбулда бас қосады.

9-шы Халықаралық Стамбул поэзия және әдебиет фестивалі 28 қыркүйекте басталады.

Фестиваль аясына биыл поэзиямен қоса әңгіме, роман және балалар әдебиеті де қосылды.

Фестиваль аясында Шекспирдің қайтыс болғанына 400 жыл және түрік ойшылы Джемил Меричтің туғанына 100 жыл толуына орай түрлі шаралар өткізіледі.

Ұлыбритания, Португалия, Испания, Франция, Италия, Словения, Австрия, Германия, Польша, Швеция, Венгрия, Босния және Герцоговина, Ливан, Марокко, Сирия, Қытай, Аргентина, Мексикадан әлемге танымал әдебиетшілер орын алатын фестивальге Түркиядан да көптеген жазушы мен ақын қатысады.

Фестивальге Премьер-министрлік жанындағы Таныстыру қоры, Бейоғлу муниципалитеті, Стамбул муниципалитеті демеуші болып отыр.

Шаралар болса Пера Палас,  Ахмет Хамди Танпынар кітапханасы, Гүлхане саябағы, Емирган Қызғалдақ мұражайы секілді орындарда өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар