Түрік тхэквондошы қола медаль иеленді

2016 Рио олимпиада ойындарында ұлттық спортшымыз Нұр Татар қола медальға қол жеткізді.

555865
Түрік тхэквондошы қола медаль иеленді

2016 Рио олимпиада ойындарында қыздар арасында тхэквондодан (67 кг) ұлттық спортшымыз Нұр Татар қола медальға қол жеткізді.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы «Carioca Arena» да қыздар арасында таеквондодан сайысқа түскен ұлттық спортшы Нұр Татар мен Тайван ұлттық құрамасының таеквондошылары Чжуан Цзяжун қола медаль үшін жарысты.

Сайыстың алғашқы бөлімінде 3-0 жеңіліп жатқан ұлттық таеквондошы соңғы бөлімде 7-3 қарсыласын жеңіп, қола медалды иеледі.

Нұр Татар алғашқы турда австралиялық Кармен Мартонды 11-1, ширек финалда болса тағы түрік текті неміс таеквондошы Рабиа Гүлечті 5-1 жеңіп, жартылай финалда француз Наби Ниареге 4-0 жеңілген болатын.

Ұлттық спортшы 2012 Лондон олимпиада ойындарында да күміс медалға қол жеткізген болатын.



Ұқсас жаңалықтар