Еуропадан 13 мың адам қажылыққа барады

Қажылардың қасиетті сапары 24 тамыз күні басталады.

552693
Еуропадан 13 мың адам қажылыққа барады

Еуропаның әртүрлі елдерінен 6 мың 500 адам Дін істері басқармасы және Дін істері түрік ислам одағы ынтымақтастығымен қажылыққа бармақ. Ал Еуропадан жалпы баратындар саны болса 13 мың адам.

Қажылар 24 тамыз күнінен бастап, Сауд Арабиясына барады.

Еуропадағы қажы үміткерлерінен шамамен 7 мың 500-і Германиядан жолға шығады.

Кельн қаласындағы Дін істері түрік ислам одағы орталығында қажылық семинары өткізілді.

Дін істері түрік ислам одағы төрағасы доктор Невзат Яшар Ашыкоғлу момын адамның ең маңызды сәттерінің бірінің қажылық екенін атап айтты.

Кельн бас консулдығы Дін қызметтері атташесі Ахмет Дилек болса қажылық ғибадатының Аллаға берілудің шыңы, адамның әртүрлі дүнияуи бағыныштылықтан, тіпті жанынан өз қалауымен бас тартып аттанған қасиетті жолаушылық екенін атап көрсетті.

Дилек бұл қажылықтың ерекшелігі ретінде пидақорлық пен өзін арнағандардың Алла тағала тарапынан тазаланған күйде үйлеріне қайтарылғанын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар