Қытайдың Терракоттан жасалған әскерлері Чикагода

Тарихи жәдігерлер Чикаго қаласындағы «The Field» мұражайында көрмеге қойылды.

543210
Қытайдың Терракоттан жасалған әскерлері Чикагода

Қытайдың күйдірілген саздан жасалған әскерлері (Терракоттан /күйдірген саздан/ жасалған әскер) АҚШ-тың Чикаго қаласындағы «The Field» мұражайында көрмеге қойылды.

Көрмеде араларында 195 сантиметр бойымен ең ұзын әскер ретінде «генерал» мүсіні де бар барлығы 170 Терракоттық әскер орын алады.

Қытай императоры Цинь Ши Хуандиді қорғау мақсатты жасалғаны болжалған Терракоттық әскердің хикаясы келушілерді тәнті етуде. «Pokemon Go» ойынынын үлгі алып дайындалған және Терракотттық әскердің көшірмелері қолданылған ойындар да ұйымдастырылған көрме 2017 жылдың 8 қаңтар күніне дейін ашық.

Қытайдың Қытайдың солтүстік батыс жағындағы Сиань қаласының маңынан 1974 жылы бір диқан тарапынан табылған терракоттық әскерлер б.з.б. 246 жылы жасала бастаған және 30 жылдан астам уақытта 700 мың жұмысшы тарапынан жасалған.  

Қазба жұмыстары жалғасқан  және 1987 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра қатарына енген Терракотта армиясында 8 мың жаунгер мен 520 жылқы, 130 соғыс арбасы және 150 атты әскер бар екені болжалады.

Ұзындықтары 183-195 сантиметр арасында өзгерген әскерлердің әр қасысының келбеті мен фигурасының бір-біріне ұқсамауы болуы назар аударады.



Ұқсас жаңалықтар