Тарих ғалымдарының профессоры Халил Иналжык дүниеге көз жұмды

Тарих ғылымдарының профессоры, жазушы Халил Иналжык 100 жасында дүниеге көз жұмды.

537641
Тарих ғалымдарының профессоры Халил Иналжык дүниеге көз жұмды

Билкент Университеті тарапынан жасалған мәлімдемеде университеттің тарих бөлімінің құрушысы Османды тарихшысы профессор доктор Халил Иналжык кеше дүниеге көз жұмды.

Мәлімдемеде «Ұлтымызға, барлық таныстарына, Билкент университеті мен жанұясына көңіл айтамыз» делінді.

Профессор Иналжык үшін Билкент және Анкара Университеттерінде 27 шілде сәрсенбі күні рәсім ұйымдастырылады.

Иналжыктың жаназасы 28 шілде бейсенбі күні Стамбұлдағы жанұя мазарына жерленеді.

Иналжыктың қайтыс болуына байланысты мемлекет басшылары да көңіл айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Иналжыктың өлімін терең бір қайғымен үйренгенін атап, «Өмірін түрік және әлем тарихы зерттеулеріне арнаған, бейтарап және сапалы шығармаларымен әлемнің санаулы тарихшылары арасында орын алған Иналжык кітаптары, зерттеулері және бағалауларымен бізге теңдесі жоқ бір мұра қалдырды» деді.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Исмаил Кахраман болса Иналжыкқа Алланың рақымшылығы мен жақындарына сабыр тіледі.

Кахраман «Құрметті тарихшымызға мәдениет және өркениетіміздің әйнегі болған тарихымызды бейтарап және дұрыс түрде түсіну үшін ортаға қойған үздіксіз жұмысы себепті мемлекет және ұлт ретінде борыштымыз» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым да «Ғылым әлеміміздің бағалы бір мүшесінен, Түркиямыз өте құнды бір тұлғасынан айырылды. Халил Иналжыкқа Алланың рақымшылығын тілеп, жанұясымен ғылым әлеміне және барлық достарына көңіл айтамын» деді.

Иналжык Османлы түрікшесін, ағылшын тілін, француз тілін, неміс тілін, Араб тілін, парсы тілін және италиян тілін жақсы білетін.



Ұқсас жаңалықтар