Ежелгі Петра қаласы

Петра қаласы шамамен 2400 жылдық құпия тарихымен туристерді өзіне тартуда.

508378
Ежелгі Петра қаласы

Иорданияда бір каньонда жасырын қалған ежелгі Петра қаласы шамамен 2400 жылдық құпия тарихымен туристерді өзіне тартуда.

Өлі теңіз мен Акабе шығанағы арасында орын алған қала біздің дәуірімізден бұрынғы 400 және біздің дәуірімізден кейінгі 106 жылдар арасында набатаендерге астана болған.

Көшпенді халық болған набатаендер құрған Иорданиядағы Петра қаласы сауданың арқасында өте бай қала болған.

Рим Империясы тарапынан жаулап алынғанына дейін астана болған ежелгі қала кейіннен табиғи апаттар және экономикалық қиыншылықтар салдарынан тастап кетілген қала болды.

Жақын уақытқа дейін тек көшпенді арабтар ғана білген Петра 1800 жылдары қайтадан табылды.

ЮНЕСКО тарапынан 1985 жылы Әлем мәдени мұра тізіміне енгізілген қала 2007 жылы Әлемнің жаңа жеті кереметінің бірі ретінде сайланды.



Ұқсас жаңалықтар