Мұхаммед Али жұма күні жерленеді

Аңызға айналған боксшы Мұхаммед Алидің жаназа дайындықтары жалғасуда.

505445
Мұхаммед Али жұма күні жерленеді

        Аңызға айналған боксшы Мұхаммед Алидің жаназа дайындықтары жалғасуда.

        Мұхаммед Али оның өсиеті бойынша жұма күні жерленеді.

        Мұхаммед Алидің сүйегі туып өскен жері болған Кентукки штатының Луйзвилл қаласына апарылады.

        Қала әкімі жаназа рәсімінің әйгілі боксшының даңқына сәйкес өткізілетінін, Мұхаммед Алиді құрметпен о бір дүниеге аттандыратынын жариялады.

        Мұхаммед Әлидің жаназа намазын АҚШ-тағы мұсылман қауымның басшыларының бірі Имам Заид Шакир қылдырады.

        Жаназаға АҚШ және әлемдегі атақты тұлғалар қатысады.

        Жаназа рәсіміне АҚШ
 бұрынғы Президенті Билл Клинтон, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған, Иордания королы Абдуллах сынды мемлекет қайраткерлермен қатар дін, көркемөнер, спорт, саясат саласындағы 18 мыңнан астам адам қатысады. 



Ұқсас жаңалықтар