«Адамзат үшін бірлескен ұлт: Түркия» көрмесі

Көрме халықаралық қатысушылардың назарын аударды.

496252
«Адамзат үшін бірлескен ұлт: Түркия» көрмесі

«Адамзат үшін бірлескен ұлт: Түркия» көрмесі ашылды.

Сыртқы істер министрлігі тарапынан Бүкіләлемдік Гуманитарлық саммит аясында ұйымдастырылған көрме халықаралық қатысушылардың назарын аударды.

Саммит болып жатқан Конгресс залдың алдында ашылған көрмеге байланысты көрме кураторы Нихал Варлы көрмеде ТИКА, Апат және төтенше жағдай басқармасы мен Түрік Қызылайының халықаралық алаңда экономикалық, әлеуметтік, мәдени үлесінің,  жедел және ауқымды гуманитарлық көмек жұмыстарының суреттері мен видеоларының интерактивті түрде жарияланғанын айтты.

Көрмедегі суреттер Анадолы агенттігінің мұрағатынан қалыптастырылды. «Анадолы агенттігі түсірген суреттерді аталымдарға бөлдік.  «Көмек жеткіземіз», «Қайғыны бөлісеміз», «Мән береміз» сынды тақырыптарда көрмеге дайындадық.  Көрмеде президенттің қатысуымен жүзеге асырылған жобалардың суреттері де бар» деді Варлы.

Көрмеде көрсетілген бейне жазбалар болса Түркия Радио Теледидар корпорациясының мұрағатынан жинақталды.

Көрмеге келген Ағылшын парламентінің Лордтар палатасы мүшесі Баронесса Эмма Николсон көрмені дайындағандарға алғыс білдіріп, былай деді: «Түрік Қызылайы әлем көмек ұйымдары ішінде мақсатынан еш адаспай, ісін жалғастырған ең мықты организациялардың бірі.  Мен де Солтүстік Иракта,  Мосулда Түрік Қызылайы және Қызыл Крестпен бірге болдым.  Түрік Қызылайының қаншалықты пида қор екеніне куә болдым»



Ұқсас жаңалықтар