«Eurovision-2016» ән байқауының жеңімпазы анықталды

Швеция астанасы Стокгольмде «Eurovision-2016» ән байқауы аяқталды.

491010
«Eurovision-2016» ән байқауының жеңімпазы анықталды

Швеция астанасы Стокгольмде 61-ші рет ұйымдастырылған «Eurovision-2016» ән байқауы аяқталды.

32 жасар жаз музыканың атақты Қырым татар әншісі Сусанна Джамаладинова (Джамала) түрікше сөздер де орын алған «1944» атты әнімен Украина атынан байқаудың жеңімпазы болды.

Жамала атымен сахнаға шыққан музыкант 534 ұпай жинап, бірінші орын алды.

Джамала байқауда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қырым татарларының депортациясына арналған «1944» атты әнін орындады.

Ән байқауында 511 ұпаймен Австралия екінші, 491 ұпаймен Ресей үшінші орында иеледі.

Ән байқауы Еуропа, Қытай, Қазақстан, Австралия, Жаңа Зеландия және тұңғыш рет Америка Құрама Штаттарында тікелей эфирден берілді.



Ұқсас жаңалықтар