Түрік режиссер - үздік

Халықаралық Фежр фильм фестивалінде Үздік режиссер сыйлығын «Қоршау» атты фильмімен түрік режиссер  Емин Алпер алды.

478717
Түрік режиссер - үздік

Иранның бас қаласы Тегеранда өткен 34-ші Халықаралық Фежр фильм фестивалінде Үздік режиссер сыйлығын «Қоршау» атты фильмімен түрік режиссер  Емин Алпер алды.

Емин Алперге сыйлығы Вахдет залындағы рәсімде берілді.

Алпердің карьерасындағы екінші ұзын метражды фильмі «Қоршау» - Түркия, Катар және Франция ортақ өнімі.

Фильм қатаң саяси кезеңде өмір сүрген ағайынды екі кісінің хикаясын баяндайды.

33-ші Фежр фестивалінің үздік режиссер сыйлығын да түрік режиссер Фарук Хаджыхафызоғлу алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар