"EXPO 2016 Анталия" үшін алғашқы екі күнде келушілер саны 70 мыңнан асты

Іс-шаралар аясында қазірге дейін 1 миллион 500 мың билет сатылды.

477854
"EXPO 2016 Анталия" үшін алғашқы екі күнде келушілер саны 70 мыңнан асты

Түркияның тұңғыш рет қонақжайлық жасаған "EXPO 2016 Анталия" үшін алғашқы екі күнде 70 мың адам аралады.

Анталияның Аксу ауданындағы алаңда 22 сәуір күні президент Режеп Тайып Ердоған және премьер-министр Ахмет Давутоғлу тарапынан ресми түрде ашылған EXPO 2016 Анталия көрме алаңына келушілер үлкен қызығушылық танытуда.

Іс-шаралар аясында қазірге дейін 1 миллион 500 мың билет сатылды.

EXPO Бас хатшысы Казым Айдын жасаған мәлімдемеде EXPO 2016 Анталияға деген қызығушылыққа риза екендерін атап айтты.

Келушілердің көрме алаңын қатты ұнатқандарын және жақсы қарсы алынғанын атап көрсеткен Айдын организацияның соңғы күнге дейін қызығушылықтың жалғасатынын үміт еткендерін білдірді.

EXPO 2016 Анталия аясында 5 мамыр күні «Maroon», 7 мамыр күні «Jose Carreras», 24 мамыр күні «Muse», 20 мамыр күні түріктің танымал әншісі Таркан, 6 маусым күні «Simply Red», 14 маусым күні «Status Quo», 5 шілде күні «Deep Purple», 2 тамыз күні «Sean Paul», 8 тамыз күні «Sting», 15 тамыз күні болса «Kool & Gang» концерт қояды.

Әлем жұлдыздары Дженнифер Лопес пен Селена Гомездің де іс-шаралар аясында концерт қоюы күтіледі.

Түркиядан болса араларында Ажда Пеккан, Кенан Доғулу, Эбру Гүндеш, Сибел Джан, Мұрат Боз, Демет Акалын, Сердар Ортач, Фунда Арар, Хадисе және Нилүфер сынды 25 танымал әншінің концерттерін ұйымдастыру үшін келіссөздер жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар