Эскишехирде Қазақстан және Түркия достық концерті

Қарағанда Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрі өнерсүйер қауымды тәнті етті.

448813
Эскишехирде Қазақстан және Түркия достық концерті

Ататүрік Мәдениет, Өнер және Конгресс орталығында Қазақстанның көрнекті сазгері Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына орай ұйымдастырылған концертте Қарағанда Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар оркестрі сахнаға шықты.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай жетекшілігіндегі оркестр түркі әлемінің таңдамалы шығармаларын ойнады.

Ататүрік Мәдениет, өнер және конгресс орталығында өткен концертке Эскишехир губернаторы Гүнгөр Азим Туна мен жұбайы Первин Туна, Түріксой Бас хатшысы Дүсен Касеинов, губернатордың орынбасары Өмер Фарук Гүнай, Қарағанды губернаторының орынбасары Жандос Абишевке қоса әртүрлі азаматтық қоғам мекемелерінің өкілдері және қазақстандықтар қатысты.



Ұқсас жаңалықтар