"Алтын аю" бас жүлдесі босқындар жайлы деректі фильмге берілді

Берлинде 66-халықаралық кинофестивальінің (Берлинале) жүлделері табыс етілді.

436646
"Алтын аю" бас жүлдесі босқындар жайлы деректі фильмге берілді

Берлинде 66-халықаралық кинофестивальдің (Берлинале) бас жүлдесі – «Алтын аю» сыйлығы итальяндық режиссер Джанфранко Розидің Африка мен Таяу Шығыстан Еуропаға пана іздеп ағылған босқындар тағдырына арналған «Теңіздегі от» деректі фильміне табыс етілді.

Режиссер фильмді ондаған мың босқын шоғырланған Лампедуза аралында түсірді. «Көңілім қазір Лампедузаға жете алмаған адамдармен. Бұл жүлдені Лампедузадағы адамдарға арнаймын», - деді деректі фильмнің режиссері Джанфранко Рози.

«Күміс аю» жүлдесі босниялық режиссер Данис Тановичтің «Сараеводағы қаза» фильміне берілді. Үздік режиссура үшін сыйлыққа француз Миа Хансен-Левенің «Келешек» фильмі лайықты деп танылды.

Биылғы Берлиналеде қазылар алқасына танымал актриса Мэорил Стрип жетекшілік етті.

Берлиндегі 66-халықаралық кинофестивальде Қазылар алқасының «Жюри арнайы сыйлығын» Данис Танович режиссерлік жасаған "Smrt u Sarajevu" атты фильм алса, үздік режиссер категориясына берілген «Күміс Аю» сыйлығына «L'avenier» атты фильмімен француз режиссер Mia Hansen-Love қол жеткізді.

«Үздік сценарий жүлдесі» категориясында «Күміс аю» жүлдесі «United States of Love» атты фильмімен польшалық режиссер Тамас Вашилевскийге табыс етілді.

Өмір бойы табыс жүлдесі болса неміс көрініс режиссері Микайл Балхаусқа табыс етілді.



Ұқсас жаңалықтар