ТРТ-ге 5 категорияда жүлде

Анадолу хабар таратушылар қоғамы биыл тұңғыш рет ұйымдастырылған Анадолу медиа жүлделерін таратты.

425191
ТРТ-ге 5 категорияда жүлде
Медиа, саясат және көркемөнер әлемі Анкарадағы салтанатты кеште бас қосты.
Жүлде рәсіміне вице-премьер Нуман Куртулмуш, Отбасы министрі Сема Рамазаноғлу, Өркендеу министрі Жевдет Йылмаз, Экономика министрі Мустафа Элиташ, Еңбек және әлеуметтік сақтандыру министрі Сүлейман Сойлу қатысты.
Кеште 30 категорияда 33 жүлде таратылды.
Үздік теледидар басшылығы жүлдесі ТРТ Бас директоры орынбасары Ибрахим Эренге табыс етілді.
ТРТ-нің үздік сериал категориясына «Дирилиш Эртуғрул» теле сериалы сайланды.
Үздік бағдарлама жүлдесін де ТРТ-нің табысты бағдарламашысы Селвер Гөзүачык алды.
«Геродот Жевдет» кейіпкері Хасан Качан мен «Дирилиш Эртуғрул» фильмінің «Хайме Ана» кейіпкері Хүлия Даржанда жүлделі ойыншылар болды.


Ұқсас жаңалықтар