Стамбул видеосы ғашық қылады

Түрік әуе жолдары таныстыру фильмін дайындады.

416328
Стамбул видеосы ғашық қылады

Түрік әуе жолдары Стамбулда ең тамаша түрде таныстыру мақсатымен ағылшын режиссер Rob Whitworth-қа бір видео дайындатты.


Түрік әуе жолдары баспасөз қызметінің мәлімдегеніне қарағанда, Стамбулдың дүние жүзінің орталығы екені видеодағы керемет көріністермен дәлелденеді.


Видео Стамбулдың әрқайсысы бір-бірінен бөлек, бірақ бір жерге жиналғанда теңдесі жоқ бір тұтастықты қалыптастыратын тарихи, мәдени және әлеуметтік бағыттарына бас қостырып, әлем азаматтарына ұсынады.


Видеода Стамбулдың теңдесі жоқ тарихи тынысы, ең жаңа техникамен орын алды. Осылайша дүние жүзінің қызығушылығы мен ықыласын оятатын, адамдардың Стамбулға келуін қамдайтын туынды ортаға шықты.


Қаланың ең тамаша көріністерін түсірген ағылшын режиссердің туындысы көрген адамды Стамбулға ғашық қылады.


Қала видеоларын түсіру тақырыбында маманданған, осы салада жаңа техникалар мен монтаж әдістерін жетілдірген, Барселона мен Дубай үшін де таныстыру фильмдерін дайындаған ағылшын режиссер Rob Whitworth әлемге танымал кинофестивальдерде бірсыпыра сыйлыққа лайықты деп табылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар