Треви су бұрқағы қайтадан ашылды

Су бұрқағы 17 айдан бері реставрацияда болатын.

363198
Треви су бұрқағы қайтадан ашылды

Италияның елордасы Римнің әлемге танымал жерлерінің бірі «Махаббат бұрқағы» деп аталған Треви су бұрқағы қайтадан ашылды.


Су бұрқағы 17 айдан бері реставрацияда болатын.


1735 жылы ашылған Треви су бұрқағы ашылған кезінен бері бірінші рет осыншама ауқымды жөндеуден өтті.


Жөнделуі 2 миллион 180 мың евроға түскен су бұрқағы жүздеген адам қатысқан рәсіммен қайтадан ашылды.


Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристер көрмей кетпейтін су бұрқағы тиын лақтырылған «тілек тілеу» орнына айналған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар