Түркия самалы есті

Milano EXPO 2015-те Түркия самалы есті.

358876
Түркия самалы есті

145 елге бас қостырған көрмедегі Түркия стенді іс-шара бойынша өзіне 5 миллион адамды тартты.


Түркия 12 мың жылдық тарихтың тәжірибесімен берекеттің символы «Анарды» өзіне белгі қып алды.


EXPO 2015 бойынша Түркия делегациясы он мың түрік байрағын, бір миллион дана көз моншақ, 500 литр раушан гүлінің суын, 2 мың дана гүл, мыңдаған пакет кептірілген жүзім, жаңғақ пен ерік таратты.


Көрмеге келушілерге мыңдаған кесе анар шәрбәті, түрік локумы, түрік шайы, апельсин сусыны, баклава мен түрік кофесі, манты ұсынылды.


Осы арада мыңдаған жылдық мәдени мұра мен құндылықтарды әлемге танытқан Түркия стендінің макеті EXPO мұрасын қорғау және тарату мақсатты құрылған Шанхай әлем EXPO мұражай коллекциясы үшін таңдалды.


Миланда «Ғаламшарды тамақтандыру, өмір үшін энергия» атты көрме 31 қазан күніне дейін жалғасады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар