Ең ұзын нан

Гиннесс Рекордтар кітабына енді.

393891
Ең ұзын нан

Италияның Милан қаласында өткен EXPO 2015 көрмесінде наубайшылар ең ұзын нанды пісіру үшін еңбектенді.


20 италиян және 7 француз наубайшы бұл үшін шамамен 7 сағат жұмыс істеді.


Осы еңбектің нәтижесінде 122 метр 40 сантиметрлік нан шықты.


Ең ұзын нанды Гиннесс Рекордтар кітабының өкілі өлшеді. Осы нанның дүние жүзіндегі ең ұзын нан екені бекітілді.


Артынан нан көрмеге келушілерге таратылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар