Түрік әскери ұшқышы Бугра Балданның табысы
Лейтенант Бугра Балдан үш категорияда бірінші орын алып, сыйлыққа лайықты деп табылды.
Түрік әскери ұшқышы Бугра Балданның табысы
Америка Құрама Штаттарындағы НАТО ұшқыш мектебінде білім алған түрік ұшқыштардың бірі лейтенант Бугра Балдан үш категорияда бірінші орын алып, сыйлыққа лайықты деп табылды.
Laughlin әуе базасында өткен рәсімде үш сыйлық алған түрік ұшқышқа марапатын отбасы мүшелері тақты.
2013 жылы Стамбул Йешилкөйдегі Әскери әуе мектебін аяқтағаннан кейін АҚШ-тағы оқуын бастаған лейтенант Балдан академияны үздік аяқтап шықты.
Түрік әуе күштерінің мақтанышы бола білген Бугра Балдан бұдан кейінгі білімін АҚШ-тағы Ғ-16 соғысқа дайындық базасында жалғастырады.
Ұқсас жаңалықтар
TRT 60 жаста
TRT әртүрлі тілде хабар тарататын телерадио арналарымен Түркияның үнін әлемге таратуда.
Титаниктен шығарылған сағат аукционда сатылды
Жолаушылардың біріне тиесілі алтын сағат 900 мың фунт стерлингке алушысын тапты.