Түрік палуан күміс медаль алды

Бразилияда өтіп жатқан жастар арасындағы Бүкіләлемдік күрес чемпионатында Бурхан Акбудак күміс медаль иеленді.

324372
Түрік палуан күміс медаль алды

Бразилияда өтіп жатқан жастар арасындағы Бүкіләлемдік күрес чемпионатында грек-рим стилінде 74 келіде Бурхан Акбудак күміс медаль иеленді.

Салвадор (Баия) қаласындағы чемпионаттың бірінші күнінде шаршы кілемге шыққан Акбудак таңертең бірінші кездесуінде швейцариялық қарсыласын 8-0 есебімен алып жығып, ширек финалға көтерілді. Түрік палуан соңғы Еуропа чемпионы неміс Ганс Вагнерді 6-5 есебімен жеңіп, жартылай финалға қалды. Жартылай финалда швейцариялық Кессидисті 8-0 есебімен алып жыққан түрік палуан финалға көтерілді.


Ақтық сайыста болса грузин палуанды да жеңген Акбудак әлем екіншісі ретінде күміс медальді қоржынына салды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар