Арда Туран Барселона клубында ойнайды

Испанияның әйгілі футбол клубы Барселона ұлттық футболшы Арда Туранмен 5 жылдық контракт жасайды.

335797
Арда Туран Барселона клубында ойнайды

Барселона клубы атқару кеңесі Арда Туранмен келісуге дауыс көпшілігімен шешім қабылдады.
Арда Туранмен 5 жылдық контракт жасайтын испандық клуб Атлетика Мадрид клубына 34 миллион евро келісім ақы төлейді. Барселона футбол клубы Атлетика Мадридке сондай-ақ сезонның соңына дейін Арданың табыстылығына қарап тағы 7 миллион евро төлейтінін жариялады.
Келісім-шартқа алдағы күндерде қол қойылуы күтіледі.
Басқа жағынан Атлетика Мадрид клубы 4 жылдан бері клуб формасын киген Арда Туранның Барселонаға кетуін «Рахмет Арда» деген тақырыппен жариялады.
Арда Туран болса «Бұдан кейін Атлетика әрқашан жүрегімнің төрінде орын алады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар