«Қолдың сиқыры» атты сурет және мүсін көрмесі

Көрме пластикалық хирург Проф. Ганс Зильхтің жеке коллекциясынан тұрады.

293005
«Қолдың сиқыры» атты сурет және мүсін көрмесі

Стамбулда «Қолдың сиқыры» атты сурет және мүсін көрмесі ашылды. 


Пластикалық хирург Проф. Ганс Зильхтің жеке коллекциясынан тұратын «Қолдың сиқыры» көрмесі ашылды.


Көрменің ашылу салтанатын Зильх Стамбулдағы қонақжайлыққа риза болғанын айтты.


Хирург адам қолының суретінің өзіне қатты әсер еткенін айтып, коллекцияның оны хирургия мамандығын таңдауына септігін тигізгенін атап көрсетті.


Атақты хирург 60 экспонаттан тұратын коллекцияны 30 жылда қалыптастырды. Коллекция құрамында әлемге танымал бірсыпыра өнерпаздың туындысы да бар.


Көрме 28 маусым күніне дейін ашық болады. Артынан шілде айында да Гамбург қаласында ашылады.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар