ФИФА төрағасы Йозеф Блаттер отставкаға кетті

ФИФА төрағасы Йозеф Блаттер заңсыздық жанжалдарына наразылықтар артқан соң отставкаға кетуге шешім қабылдады.

291918
ФИФА төрағасы Йозеф Блаттер отставкаға кетті

17 жылдан бері міндет атқарып келген Блаттердің заңсыздық айыптауларында аты тікелей аталмаса да орынбасарының миллиондаған доллар ақша алып парақорлық жасағаны алға тартылады.
Ешбір айыптауды мойындамаған Блаттер «спорттың тағдыры» үшін отставкаға кететінін атап көрсетті.
ФИФА-ның жоғары лауазымды басшыларының тергеуге алынғаны Цюрихте ұйымдастырылған операциямен 2018 және 2022 Әлем кубогы аясында «заңсыз ақша ақтағаны» себепті өткен апта ашылған тергеудің көлеңкесінде Конгресте Блаттер 5-ші рет төрағалыққа сайланған және бұл жағдай халықаралық қоғамда наразылық туғызған болатын.
ФИФА жаңа басшылық сайлауы үшін кезектен тыс жиналады. Блаттер жаңа төраға сайланғанша міндетін жалғастырады.
Конгресте алдымен Блаттерге қарсылас болған 2-ші тур сайлаудан бастартқан Йордания ханзадасы Али ибн-эл-Хүсейин қайтадан басшылыққа үміткер болуға дайындалады.
УЭФА төрағасы Мишель Платини ФИФА төрағасы Йозеф Блаттердің осы ұстанымының дұрыс бір шешім екенін айтты.
Германия Футбол Федерациясы (DFB) төрағасы Волфганг Нийершбах Блаттердің отставкаға кету шешімін жақсы қарсы алғанын мәлімдеді.
Басқа жағынан Американ Федеральді тергеу бюросы Блаттер туралы тергеу бастады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар