Германияда Ұлттық түрік билері фестивалі

Фестиваль аясында ұйымдастырылған би жарысында Мангейм мотив өнер тобы бірінші орын алды.

290718
Германияда Ұлттық түрік билері фестивалі

21-ші Ұлттық түрік билері фестивалі Германияның Франкфурт қаласында өтті.
Ланген ауданындағы фестиваль аясында ұйымдастырылған ұлттық би жарысында Күтахия аймағының биімен Мангейм мотив өнер тобы бірінші орын алды.
Фестивальде қонақ мемлекеттер ретінде Әзірбайжан, Босния-Герцеговина, Италия, Никарагуа, Перу, Чили, Тайланд және Грекиядан келген би топтары сахнаға шықты.
Фестивальдің мақсаты әртүрлі мемлекеттер мен этникалық қоғамдардан шыққан адамдардың басын сахнада қосу.
Фестиваль Германияда түрік тілінде шыққан «Топлум» (Қоғам) газеті, Ланген провинциясы басшылығы және Франкфурт Қоғамдық қатынастар қоғамы тарапынан ортақ ұйымдастырылады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар