Eurovision ән байқауының бірінші жартылай финалы аяқталды

Ақтық сайыс болса 23 мамыр күні.

282321
Eurovision ән байқауының бірінші жартылай финалы аяқталды

2015 Eurovision ән байқауының бірінші жартылай финалы аяқталды.


60-шысы биыл Венада өтетін ән байқауының бірінші жартылай финалында 10 ел ақтық сайысқа шықты.


Жартылай финалда 16 елдің әншілері өз өнерлерін көрсетіп болғаннан кейін дауысқа салу болды. Дауысқа салуға қарағанда Албания, Армения, Ресей, Румыния, Венгрия, Грекия, Эстония, Грузия, Сербия және Бельгия ақтық сайысқа қатысуға жолдама алды.


Молдова, Голландия, Финляндия, Македония, Дания және Белоруссия жарыстан шығып қалды.


2015 Eurovision ән байқауының екінші жартылай финалы 21 мамыр күні болады. Ал ақтық сайыс болса 23 мамыр күні.


Австрия Eurovision ән байқауын 1967 жылдан кейін екінші рет өткізіп отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар