Эфес ежелгі қаласына ЮНЕСКО сүйіншісі

Ежелгі қала Әлемдік мәдени мұра тізіміне алынуды күтеді.

262589
Эфес ежелгі қаласына ЮНЕСКО сүйіншісі

Эфес ежелгі қаласына ЮНЕСКО сүйіншісі


Измирге қарасты Селчук муниципалитетінің төрағасы Зейнел Бакыджы Халықаралық Ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау кеңесі (ICOMOS) есебіне қарағанда 1994 жылы басталған ЮНЕСКО үдерісінде қуанышты хабар жақын екенін айтты.


Бакыджы қалалық мәжіліс жиналысында сөйлеген сөзінде 20 жылдық арманның орындалатынын тілге тиек етіп, «Осы есепке қарағанда енді Эфес ЮНЕСКО Әлемдік мәдени мұра тізіміне алынады» деді.


Нақты нәтиже 28 маусым мен 3 шілде күндері арасында өтетін жиналыста жарияланады.


Біздің дәуірімізден бұрын алты мыңыншы жылдары салынған Эфес – ежелгі грек қаласы. Артемисия храмы мен Мәриям Ана үйі сынды маңызды тарихи орындарға мекен болған, барлығы мәрмәрден салынған тұңғыш қала Эфеске жыл сайы шамамен екі миллион турист келеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар