Нейрохирургтер Анталияда бас қосады

Құрылтай бірінші рет Америка нейрохирургия қоғамымен бірге ұйымдастырылып отыр.

231423
Нейрохирургтер Анталияда бас қосады

Нейрохирургтер Анталияда бас қосады.


Түрік Нейрохирургия қоғамының 29-ші Ғылыми құрылтайы әлемнің алдыңғы қатарды нейрохирургтерінің да қатысуымен 17-21 сәуір күндері аралығында Анталияда өтеді.


Түрік Нейрохирургия қоғамының атқару комитеті төрағасы профессор Танджу Учар құрылтайды бірінші рет Америка нейрохирургия қоғамымен бірге ұйымдастырып отырғандарын айтты.
Құрылтайда Америка Нейрохирургия қоғамымен келісімге қол қойылады. Учар «Соңғы жылдары әлемдік нейрохирургияда түрік хирургтерінің беделі артып келеді. Бұл назар аударып отыр. Америка Нейрохирургия қоғамынан бізге құрылтайды бірге өткізейік деген ұсыныс келді» деді.


Құрылтай аясында 11-ші Нейрохирургия медбикелерінің жиналысы мен 11-ші Нейрохирургия дәрігерлерінің отырысы өткізіледі. Сонымен бірге 4-ші Халықаралық нейрохирургия курсы беріледі.


Халықаралық нейрохирургия курсында Африка, Америка және Еуропа құрлықтарынан 75 елден келетін жаңа мамандарға білім беріледі.
2017 жылы да Бүкіләлемдік нейрохирургия конгресі де Түркияда өткізілмекші.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар