Түркиядағы ең ірі синагога қайтадан салынды

Синагога ертең салтанатты түрде ашылады.

280982
Түркиядағы ең ірі синагога қайтадан салынды

Түркиядағы ең ірі синагога қайтадан салынды


Эдирне қаласындағы Еуропа бойынша үлкендігі жағынан үшінші синагога реставрациядан өтті.


Синагога ертең салтанатты түрде ашылады. Салтанатты рәсімге вице-премьер Бүлент Арынч және Денсаулықты сақтау министрі Мехмет Мүйеззиноғлу қатысады.


Түркия Иудей жамағатының төрағасы Исаак Ибрагимзадех Қорлар бас дирекциясына синагоганың реставрациясы үшін алғыс айтты. Ибрагимзадех реставрацияға жамағаттың қуанғанын білдірді.


Синагоганың бұрынғы күйіне келуі үшін жүргізілген жұмыс 4 жыл жалғасты. 5 миллион 750 мың лира жұмсалды.


Еврейлер үшін маңызды осы синагога 1905 жылғы ірі өртте жойылып кеткен 13 синагоганың орнына Османлы падишасы ІІ Абдулхамиттің нұсқауымен салынды. 1907 жылы ғибадатқа ашылды.


Француз сәулетші Франс Депре Вена синагогасынан шабуыл алып салып еді.


Османлыны паналаған Сефарад еврейлері мен басқа да еврей жамағаты сол кезде Эдирне қаласына келіп, өз аудандарын қалыптастырды. 20 мыңға жуық еврей Эдирне және төңірегінде тұра бастады.


Уақыт өте келе қаладан кете бастаған еврейлер 1983 жылына дейін синагоганы қолданды.


Синагога жамағатсыз қалғаннан кейін қирай бастады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар